19 тамыз 2023 10:32

"Уайымнан ішім ауырып кетті". Тоқаевқа сыйлық берген бала кездесу жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәлім Көпеевтің ата-анасы ұсынған сурет Сәлім Көпеевтің ата-анасы ұсынған сурет

Алматыда үшінші сынып оқитын Сәлім Көпеев кеше оның мектебіне келген Президентпен кездесуге дайындалып жатты. Алайда бәрі жоспарлағандай болмады. Десе де, олар кездесті, бірақ хаттама бойынша емес. Бала Tengrinews.kz редакциясына болған жайт жайлы айтып берді.


Алматыда үшінші сынып оқитын Сәлім Көпеев кеше оның мектебіне келген Президентпен кездесуге дайындалып жатты. Алайда бәрі жоспарлағандай болмады. Десе де, олар кездесті, бірақ хаттама бойынша емес. Бала Tengrinews.kz редакциясына болған жайт жайлы айтып берді.

Жасына қарамастан, Сәлім информатика мен робототехниканы жақсы көреді және бүгінде өнертапқыш болу үшін жақсы университетке түсуді армандайды. Ол "Тони Старк сияқты" роботтар мен экзоскелеттер жасағысы келеді. Әкесі Ербол Көпеев оған 3D принтер сатып алып берген кезде бала арманына жақындай түсті: олар бірге әртүрлі әшекейлер, кішкентай ойыншықтар, мүсіншелер мен тұрмыстық заттар бөлшектерін басып шығара бастады. Бірде олар органайзер басып шығаруды шешеді.

"Маған мектеп керек-жарақтары кедергі келтірді, өйткені олар жиі шашылып жатады. Ал әкем маған 3D принтер сыйлады, ал мен одан ойыншықтарды басып шығардым. Бірақ олар бос жатты. Сол кезде ол маған көмектесе алады деп ойладым. Осылайша біз органайзер басып шығардық. Оны үстелге немесе басқа жерге оңай бұрап, әр түрлі заттар салып қоюға болады: мектеп немесе үй құралдарын. Бірақ ол ұзақ уақыт басып шығарылады", - деп мойындады оқушы.

Сәлім принтердің көмегімен жасалған органайзерін өзінің Prometheus мектебінде таныстырды, онда ол жергілікті жұлдыз секілді, өйткені ол барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

"Мен мектепте өте танымалмын, мені бәрі біледі, тіпті директор", - дейді бала.

Оқу орнында Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы сапары туралы білген кезде, Сәлімге өз жобасын таныстыруды сеніп тапсырған. Алайда, белгіленген сағатта бәрі жоспарға сай жүрмеді. Себебі кішкентай алматылықтың уайымнан іші ауырып, Президентпен кездесетін жалпы сыныпқа келе алмай қалған. Бірақ ол онымен дәлізде кездесті.

"Мен толқып тұрдым және дауысым да дірілдеп кетті. Бірақ қатты қуанып та тұрдым, өйткені мен өз жобамды Президентке ұсындым. Ол маған "жарайсың" деді, - дейді Сәлім Көпеев.

Тоқаевқа сыйға тартқан органайзерді Сәлім пайдалы зат деп санайды, бірақ бәрі үшін емес.

"Бұл кейбіреулер үшін пайдалы болуы мүмкін, ал біреулерге қажет емес. Бірақ, менің ойымша, көпшілік оны ұнатып қалады. Біріншіден, бұл стильді, екіншіден, ыңғайлы", - дейді бала.

Келесі жолы мектеп оқушысы принтерден қолдары және аяқтары қозғалатын ойыншық басып шығарғысы келеді. Ал органайзердің жаппай өндірісі туралы идеяға теріс қарайды.

"Органайзер пластиктен жасалған, егер біз оны көп өндіретін болсақ, онда экологиялық апат болады. Сондықтан пластикті тастаудың қажеті жоқ. Әрине, оны кейін қайта өңдеуге болады. Бірақ сатып алудың қажеті жоқ, өйткені табиғат зардап шегеді", - дейді болашақ өнертапқыш.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети