29 тамыз 2016 12:32

ҰҚК басшысы Алматы облысында ұсталғандар жайлы: Олар - салафиттер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Алматы облысында ұсталған азаматтардың салафит ағымын ұстанатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Алматы облысында ұсталған азаматтардың салафит ағымын ұстанатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Төрт азамат ұсталды, олардың біреуі Қырғызстан азаматы. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлығы қамауға алынып, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. (...) Олар салафит ағымын ұстанады", - деп мәлімдеді  Владимир Жұмақанов.

Сонымен қатар, ҚР ҰҚК басшысы діни ағымдарға тыйым салу жайындағы сұрақтарға жауап берді. "Бұл мәселе қаралып жатыр. Діни ағымдарды жақтаушылар сияқты, оған қарсы адамдар да бар. Сондықтан бұған тыйым салу қиын болып тұр. Бізде 2011 жылдан бері болып жатқан барлық оқиға осы діни ағымдарға байланысты. Сондықтан да осындай ұсыныстар болып жатыр. Меніңше, жуық арада бұл мәселе ең жоғары деңгейде қарастырылатын болады. (...)  Бұл мәселе биліктегілерге де қатысты. Сондықтан бұл сұрақты қарастырамыз. Жақында Мемлекет басшысы да, Қауіпсіздік кеңесіндегілер де осы мәселені қарайтын болады. Барлығы шешіледі", - деді ҰҚК басшысы.

Осыған дейін Алматы облысында радикалды топтың төрт мүшесі ұсталғаны жайлы айтылған болатын. Олар Қазақстан аумағында террористік әрекет жасауды жоспарлаған.

Арнайы операция 2016 жылдың18 тамызында Алматы облысында жүргізілген. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан, олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды", - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети