ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: 8 қылмыстық топ анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК мен ІІМ арнайы операциясы: 8 қылмыстық топ анықталған видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент пен Қазақстанның жеті облысындағы қылмыстық топтардың әрекетіне қарсы операциясының қорытындысы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкентте 8 топты бейтараптандырған.

"Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.

Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктеліп отыр", - делінген хабарламада.

Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүргені айтылды. 49 тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынған.

"Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бірмезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды. Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +20
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +27
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +20
П
Павлодар +19
Петропавл +20
С
Семей +22
Т
Талдықорған +22
Тараз +22
Түркістан +22
О
Орал +22
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер