01 қазан 2020 15:39

Үкімет "Борат" авторлары ашқан Twitter-ге байланысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Борат" фильмінен алынған кадр "Борат" фильмінен алынған кадр

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі "Борат" фильмін жасаушылар ашқан ел үкіметінің аккаунты жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі "Борат" фильмін жасаушылар ашқан ел үкіметінің аккаунты жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат премьер-министрдің баспасөз хатшысының Facеbook-тегі парақшасында пайда болды.

"Instagram әлеуметтік желісіндегі @officialkazakhstangovt және Twitter-дегі @KazakhstanGovt аккаунттары жалған екенін хабарлаймыз. Аталған парақшаларда жарияланып жатқан материалдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі туралы ресми ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ.

Осыған байланысты әртүрлі әлеуметтік желілерде осындай фейк парақшалар пайда болған жағдайда, ақпарат алу үшін тек www.primeminister.kz Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтын, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram, YouTube әлеуметтік желілеріндегі тексерілген аккаунттарын ғана пайдалануды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Twitter-де "Борат" фильмінің жалғасын шығарған авторлар ашқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің фейк аккаунты пайда болды. БАҚ өкілдері бұл аккаунт Саша Барон Коэн сиквелі үшін жасалған маркетингтік әдіс екенін айтып отыр. 

Бұған дейін Желіде "Борат 2" фильмінің тизері пайда болғаны хабарланған. Фильм 23 қазанда Amazon Prime Video сервисінде жарық көреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети