16 тамыз 2022 12:02

Үкімет Қазақстанда оқу жылын ұзартуды қолдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының ұзартылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының ұзартылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"3,6 миллион оқушыны қамтитын 7 637 мектеп бар. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, ұзақтығы - 36 апта, яғни жаз мезгілі балалар каникулы болады", - деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Ол білім беру саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда Қазақстанда жазғы каникул ең ұзақ екенін айтты.

"Демалыс және мереке күндерімен қоса балалар жыл бойы 192 күн демалады, ал 173 - бір жылдағы оқу күндерінің саны. Біз зерттеу және талдау жүргіздік және бірінші сынып оқушыларының үш тілді меңгеруі қиын екенін көрдік, сондықтан екінші және үшінші тілді меңгеру үшін бала ең алдымен өз ана тілінде оқып, жазуды үйренуі керек деген шешімге келдік", - деді ведомство басшысы.

Осылайша, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде бірінші сыныптан бастап балалар тек қазақ тілін, екінші сыныптан бастап орыс тілін оқуды бастайды.

"Барлық мектепте үшінші сыныптан бастап оқушылар ағылшын тілін меңгереді. Сонымен қатар, балаларды еңбекке баулу мақсатында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" және "бейнелеу өнері" пәндері енгізіледі", - деді министр.

Премьер-министр оқу жылының ұзаруынан қандай нәтиже күтілетінін сұрады.

"Бұл бір жағынан оқушыларға түсетін жүктемені азайтса, екінші жағынан оқу процесі 31 мамырда аяқталады. 1,5 миллион бала бес күндік оқу аптасына өте алмады. Енді бізде қосымша 36 күн каникул болады, балалар оны өз қалауынша пайдалана алады. 100-ден аса мектепте үш ауысымда жұмыс істеу қаупі болды. Дегенмен, инновациялардың келуімен олар екі ауысымда жұмыс істейтін болады", - деп жауап берді Аймағамбетов.

Сөз соңында оқу-ағарту министрі енгізілген өзгерістер арқасында 1,5 миллион балада 36 күн қосымша демалу мүмкіндігі болатынын баса айтты. Премьер-министр бұл ұсыныстарды Үкімет қолдайтынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети