27 сәуір 2021 12:25

Үкіметте жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялау барысы талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: elements.envato.com Иллюстрация: elements.envato.com

Үкімет отырысында жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет отырысында жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 42-қадамында қарастырылған. Бұл шара жеке тұлғалар кірісінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар үшін жалпыға ортақ декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталды.

2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды.

2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, ал 2025 жылдан бастап азаматтардың барлық қалған санаты тапсыра бастайды", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Қазақстанда декларацияларды қабылдау бойынша электрондық сервистер жұмыс істейді: салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкіметтің" веб-порталы және Е-Salyq Azamat арнайы мобильді қосымшасы.

"Басталған жұмысты бекітілген мерзімдерге сәйкес орындап, жалпыға ортақ декларациялауды енгізу бойынша халыққа түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізу қажет", - деді Асқар Мамин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети