Үкіметте латын әліпбиіне сатылай көшудің алгоритмі бар - Досаев

11 Қыркүйек 2017, 11:19
11
Үкіметте латын әліпбиіне сатылай көшудің алгоритмі бар - Досаев - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан үкіметіндегілерде латын әліпбиіне көшудің сатылай алгоритмі бар. Бұл туралы парламенттік тыңдауда премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау басталды

"Жаңа әліпбидің жобасын дайындауда көп маман еңбек етті. Үкіметтегілерде жаңа әліпбиді енгізудің сатылай алгоритмі бар. Латын әліпбиіне көшу мәселесі барлық саланы қамтиды. (...) Білім беру шараларына қатысты толық цикл керек, мұғалімдерді дайындаудан бастап бүкіл халыққа білім беруге дейін", - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары жаңа әліпбиге көшкен кезде ойланбай жасалатын әрекеттерге жол бермеу керектігін айтып өтті. 

Өз кезегінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа әліпбиге көшу жобасын дайындаумен айналысатын мамандардың қатарында еліміздің жетекші ғалымдары бар екенін айтты. "Олардың ішінде ақпараттық технологиялар мамандары бар. Барлық тіл мамандары тартылды. Жұмыс Президент Әкімшілігінің бақылауымен жүргізілді", - деді министр.

Осыған дейін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин орыс тілі мен кирилл қарпіне ұқыпты қарауымыз керек екенін айтқан болатын. "Орыс тілі мен кирилл қарпіне ұқыпты қазақ тілі сияқты ұқыпты қарауымыз қажет. Орыс тілін білу ұлтымыздың тарихи басымдығы екені анық", - деген еді Нығматулин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (11)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай