12 тамыз 2020 11:04

Үкіметтегілер карантинді кезең-кезеңмен алып тастау шараларын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауға дайындық жөніндегі шаралар кешенін қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауға дайындық жөніндегі шаралар кешенін қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және бас мемлекеттік дәрігер эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру көрсеткіштері және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде карантин шараларын жеңілдетудің ықтимал жолдары туралы баяндады.

Сонымен қатар аурудың өсуіне жол бермеу мақсатында өңірлердің жұмысын бақылау үшін бірқатар жаңа индикаторлар ұсынылды. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің басшыларына эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауда ұстауды және сырқаттанушылық көрсеткішін одан әрі төмендетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Цой Қазақстанда карантинді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, вице-премьер өңір басшыларына COVID-19-бен күресуде зардап шеккен медицина қызметкерлеріне өтемақының уақтылы төленбеуі туралы әр факті бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Өңірлер мониторингтік топтардың жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс. Қажетінше, жағдайды одан әрі жақсарту үшін ведомстволар мен жергілікті билік желісі бойынша қосымша шараларды пысықтау керек. Тұрғындармен алдын алу жұмыстарына, бірінші кезекте, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға ерекше күш-жігер жұмсау қажет", - деді Тоғжанов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети