01 наурыз 2022 21:25

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған тағы бір рейс Нұр-Сұлтанға қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Украинадан келген қазақстандықтар отырған "Эйр Астана" компаниясының рейсі қонды. Бұл Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған екінші рейс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда Украинадан келген қазақстандықтар отырған "Эйр Астана" компаниясының рейсі қонды. Бұл Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған екінші рейс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эйр Астана" компаниясының борты 1 наурызда Катовицеден сағат 15.44-те (астана уақыты бойынша) ұшып, Қазақстан астанасына 21.03-те қонды. Ұшақта 120 қазақстандық отырды, оның төртеуі бала. 

Нұр-Сұлтан әкімдігі жолаушыларды қала бойынша жеткізу үшін үш автобус дайындады.  

Әуекомпания өкілдерінің мәліметінше, келесі рейстер еліне оралғысы келетін қазақстандықтардың тізіміне байланысты болады. 

Еске салайық, кеше Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Алматыға қонған болатын. Ұшақта 175 қазақстандық болды, оның ішінде алты бала бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети