01 наурыз 2022 03:38

Украиналық отбасы қарағандылық студентті паналатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дипломаттар Украинаның Сумы қаласында оқып жүрген қазақстандық студентке пана тапты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандылық Денис Терновой әлі де Украинада. Бұған дейін Дархан Кәлетаев қазақстандықты эвакуациялау үшін барлық амал қарастырылып жатқанын жеткізген еді. 

Бірнеше күн бұрын Telegram-дағы арналардың бірі қазақстандық Украинадан кетуден бас тартқанын жазды. Дегенмен, Денис Терновой бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол Қазақстан елшілігінің ұсынысы бойынша Харьковқа уақытша баруды жоспарлағанын айтты, бірақ сол күні жол бомбаланып, трасса жабылған. 

Бұл жағдайда елшілік қазақстандық студентті жергілікті тұрғындарға табыстап, уақытша пана тауып берді. 

"Жақсы адамдардың қолына табыстадық", - деп жазды Дархан Кәлетаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети