Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен нәресте табылды

15 Маусым 2016, 16:27
0
Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен нәресте табылды - © Айнаш Өндіріс
© Айнаш Өндіріс

Үлкен Алматы өзеніне құлап кеткен нәрестенің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бостандық ауданы ІІБ басшысы Берік Әбілбековке сілтеме жасап.

Нәрестенің денесін құтқарушылар бөгеттен 100 метр жерден тапты.

Оқиға орнында Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және еріктілер жұмыс істеді. Судың жоғары жылдамдықпен ағуы құтқарушыларға кедергілер келтірді.


© ҚР ІІМ ТЖК.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 14 маусым күні кешкі сағат 18.00 шамасында Алма-Арасан шатқалында болған еді. 15 жастағы қыз 9 айлық нәрестемен бірге өзен маңына суретке түсуге барады. Інісін қолына ұстап тұрған ол абайсызда құлап кетіп, нәрестені ұстап қала алмаған. Нәрестені іздестіру жұмыстарына 50-ге жуық полицей мен төтенше жағдай бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар, 12 полиция техникасы қолданылды. Осы дерек бойынща ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы 2-бөлігі ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай