"Үлкен трагедия". СҚО-да тәулік ішінде құс тұмауынан 180 мың тауық қырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: петропавловск.news сайтынан Фото: петропавловск.news сайтынан

СҚО-дағы Бескөл құс фабрикасында тәулік ішінде мекиен тауықтардың жартысынан көбі құс тұмауынан қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

СҚО-дағы Бескөл құс фабрикасында тәулік ішінде мекиен тауықтардың жартысынан көбі құс тұмауынан қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап. 

Фабрика мамандары жақын арада кәсіпорында тағы осындай жағдай болады деп болжап отыр. Құстың жаппай қырылуынан фабрика қызметкерлері жұмыссыз және табыссыз қалуы мүмкін.

"Бүгінде мекиен тауықтардың жартысынан азы қалды. Кеше кешке 180 мыңнан аса құс қырылды, бұгін тағы 30-40 мыңға жететін шығар. Аналық қаздан тіпті қалмады деуге болады. Бірнеше тәулікте ондаған мың құс қырылды. Қалдықты өзіміз жойып жатырмыз: жер қазамыз, өртейміз, індет таралмауы үшін оны балшықпен жабамыз", - деді Бескөл құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко кәсіпорынға ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева арнайы сапармен келген кезде.

Костенконың айтуынша, құс тұмауына қарсы жаппай вакцина жасатуға фабрика қаржылай дайын болмаған: қыркүйектің басында бар болғаны 15 мың аналық қазға вакцина салынған.

"Солтүстік Қазақстанмен шекарадағы территорияда эпидемия жүріп жатқанын естігенде қалған вакцинаны аналық үйректерге саламыз деп шештік. Себебі мекиен тауықтарға жетпейтін еді. Бүгінде тек үйректер бар. Олар аман қалады деп үміттенеміз", - деп түсіндірді технолог.

Ол құс тұмауына қарсы мың доза вакцина орта есеппен 50 мың теңге болатынын айтты. Құс фабрикалары субсидия алмайтын болғандықтан, кәсіпорынның мұндай қымбат вакцина алуға қосымша ақшасы болмаған.

"Көктемде не боларын ойлаудың өзі қорқынышты, адамдар құссыз қалады. Қанша тауық қалса да, жою керек болады, себебі олар құс тұмауын тасымалдайды. Мүмкін аймақта құс фабрикаларының жұмысы тоқтап қалар. Үлкен трагедия келгенін түсініп отырмыз: құс фабрикасында 170 адам жұмыс істейді, яғни 170 отбасы қыс алдында табыссыз қалуы мүмкін", - деді Татьяна Костенко.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да құс тұмауынан құстар жаппай қырылып жатқаны туралы хабарланды. 17 қыркүйекте құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer