26 мамыр 2023 13:58

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстанда базалық мөлшерлеме деңгейін сақтау туралы шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстанда базалық мөлшерлеме деңгейін сақтау туралы шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы базалық мөлшерлеме туралы шешім жаңа факторлардың әсерін ескере отырып, нақты деректер мен жаңартылған болжамдарды талдауға негізделгенін атап өтті.

"Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдарын жаңартумен бірге біз инфляция тәуекелдерін бағалауды қайта теңестірдік. Біздің бағалауларымыз тәуекел балансының дезинфляциялық жағына әлсіз ауысуын көрсетеді. Сыртқы сектор тарапынан бағаларға қысым әлемдік азық - түлік бағасының төмендеуі және Қазақстанның сауда әріптес елдерінде инфляцияның айтарлықтай баяулауы салдарынан біршама әлсіреді", - деп түсіндірді Ғалымжан Пірматов.

Оның айтуынша, тұрақты нақты айырбас бағамы аясында сыртқы бағалардың баяу өсуі елдегі инфляцияны бәсеңдетуге қолайлы жағдай туғызады.

"Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан фискалдық ынталандырумен, тұрақты ішкі сұраныспен, жоғары инфляциялық күтулермен, жанар-жағармай материалдары мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бағасының өсуімен байланысты ішкі факторлардың инфляцияға қарсы әсері сақталып отыр. Қазіргі шешім орта мерзімді перспективада бағаның өсуін төмендету және тұрақтандыру мақсатында елдегі инфляциялық процестерді одан әрі салқындатады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети