07 сәуір 2017 13:25

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдархан Құсайынов. © Facebook Айдархан Құсайынов. © Facebook

Экономист Айдархан Құсайынов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық банк өкілдері бұл мәліметті растады.


Экономист Айдархан Құсайынов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық банк өкілдері бұл мәліметті растады.

"Жалпы, мен Ұлттық банктің саясатымен келісемін. Оны бүгінде елімізде түсінікті саясаты мен көзқарасы бар мемлекеттік органдардың ең тиімдісі деп санаймын. Бұл туралы мен бірнеше рет жазған болатынмын. Мен осы командада болғаныма қуаныштымын", - деді Айдархан Құсайынов Tengrinews.kz тілшісіне.

Құсайынов Айдархан Маратұлы - "Almagest" компаниясының бас директоры, Ресей мен Қазақстан Тәуелсіз директорлар ассоциациясының мүшесі.

1995-1998 жылдары "KBS Group" компаниясында жұмыс істеген. Онда бизнестің консультациялық бағытын дамытумен айналысқан.

1998-2002 жылдары "ҚазТрансОйл", "ҚазТрансГаз" компанияларында инновациялық жобалар департаментінің директоры, стратегиялық жоспарлау мен даму жөніндегі атқарушы директор және тағы да басқа қызметтерді атқарған.

2002-2003 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде газ өнеркәсібі департаментінің директоры болды.

2004 жылдан бастан мұнай, тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-химия саласын дамыту, жобаларды сату мен сатып алу бойынша жеке кеңес беру қызметін көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети