08 тамыз 2022 13:29

Ұлттық экономика министрі Ақтөбе облысының кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын аралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Ол ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік және өндірістік кәсіпорындарға барды.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Ол ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік және өндірістік кәсіпорындарға барды.

Ақтөбе қаласында министр Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жол жөндеу жұмыстары "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Тәуелсіздік даңғылын сегіз жолаққа дейін, ал Мұстафа Шоқай көшесін алты жолаққа дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Екі учаскенің жалпы ұзындығы шамамен 2,5 шақырымды құрайды. Жобаның құны 1,9 миллирад теңге. Алайда бас мердігер құрылыс материалдардың қамбаттауына байланысты жобаны түзету қажеттілігі туралы айтты. Қымбаттағандағы бағасы шамамен 800 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражатты облыстық бюджет есебінен бөлу жоспарланып отыр.

"Орталық көшелерді кеңейту қозғалыс трафигін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Барлық жөндеу жұмыстарын 2023 жылдың күзіне дейін аяқтау жоспарланған", - деді облыс әкімі Оразалин.

Кейін министр мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша салынған жаңа "AQQANAT" балалар онкогематологиялық орталығында болды. Заманауи клиникада ауыр диагнозы бар балаларға көмек көрсетіледі. Мұндағы жоғары технологиялық медициналық жабдықтар ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және қажетті емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

Орталықта 100 орындық стационар мен бір ауысымда 50 балаға дейін қабылдай алатын консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Жобаның құны 5,2 миллиард теңге. Бірақ, өңірде МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде бірлесіп қаржыландыруды есептеу әдістемелеріне, жергілікті атқарушы органдарда инвесторлар алдында кепілдікті қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауына байланысты проблемалар туындайды. ҰЭМ басшысы МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) аясында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың маңыздылығына тоқталып, бұл сұрақтар мұқият зерттелетініне сендірді. Бұл мәселеге министрлік аса көңіл бөледі.

Мысалы, бүгінгі күні Ақтөбе облысында жалпы сомасы 25 миллирад теңгеге 14 МЖӘ жобасы бойынша шарттар жасалды. Денсаулық сақтау саласында - 7, мәдениет және спорт саласында - 4 жоба, білім беру саласында - 2, энергетика және ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) саласында - 1 жоба.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ҰЭМ басшысы керамогранит шығаратын "Зерде-Керамика Ақтөбе" ЖШС зауытында болды. Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алған кәсіпорын өз өнімін ішкі нарыққа жеткізіп, шетелге экспорттайды. Өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Жобаға 9,2 миллирад теңге инвестициялар салынған. Кәсіпорында жылына 2 миллион шаршы метрге дейін өнім шығарылады. 150-ге жуық адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.

Ақтөбе ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети