26 қаңтар 2023 17:53

Ұлттық спорт - ұлт қазынасы!

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті.


Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті.

Алқа мәжілісіне Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіретін федерациялардың басшылары қатысты.

Алқа отырысында сөз сөйлеген Асхат Оралов Ұлттық спорт түрлерінің еліміз үшін ерекше маңызы бар екеніне көңіл бөлді.

"Менің ойымша, Қазақстанның есімі олимпиадалық спорттың әлемдік аренасында белгілі бір деңгейде қалыптасты, енді ұлттық спортқа да осындай биіктерге көтерілудің уақыты келді", - деп атап өтті министр.

Қауымдастық президенті алқа отырысында сөйлеген сөзінде Қауымдастық мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығы негізінде ұлттық спорт түрлерінің тұрақты дамуының экожүйесін қалыптастыруға бағытталған жаңа нақты қадамдар жасағанын атап өтті. Олардың қатарында құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруді, Қазақстанның көшпелі мәдениеті мен имиджін шетелде ілгерілетуді көздейтін жоспарлар бар.

Сондай-ақ, отырыс барысында Қауымдастықтың 2023 жылға арналған Даму стратегиясы мен Жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді.

"Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Қауымдастық жұмысында кейбір өзгерістер орын алды. Спорт түрлері бойынша Ұлттық қауымдастық құрамында бұрын 5 федерация болған (Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге), қазір бізге тағы 4 федерация қосылды: Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ, Асық ату және Құсбегілік" - деді Қауымдастық президенті өз сөзінде.

Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу мәселесін талқылады. Атап айтқанда, жаңа ипподромның ашылу жобалары мен алдағы іс-шараның мамандандырылған спорттық және мәдени инфрақұрылымының басқа да объектілері таныстырылды. Талқылау нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ, YPO Kazakhstan төрағасы, белгілі спорт функционері Ерлан Қожасбай өз пікірімен бөлісті. "Бұл жұмысқа бизнес тұрғысынан қарау керек. Іс-шара пайдалы болуы керек. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу Олимпиада ойындарын өткізуге тең. Сондықтан болашақта арнайы салынған ғимараттарды дұрыс пайдалану туралы ойлану қажет", - деп атап өтті Ерлан Қожасбай.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу еліміздің бірнеше облыстар орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар үмітті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети