14 маусым 2020 16:33

Ұлы Отан соғысында Смоленск түбінде қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі Семейде қайта жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Ұлы Отан соғысы жылдарында Смоленск түбінде қаза тапқан қазақстандық жауынгер Өмірзақ Қазанқаповтың сүйегі туған жерінде қайта жерленді. Арнайы борт арқылы ол Ресейден Қазақстанға, сарбаздың туған жері Семей қаласына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Ұлы Отан соғысы жылдарында Смоленск түбінде қаза тапқан қазақстандық жауынгер Өмірзақ Қазанқаповтың сүйегі туған жерінде қайта жерленді. Арнайы борт арқылы ол Ресейден Қазақстанға, сарбаздың туған жері Семей қаласына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Еске алу рәсімі Семей гарнизонының офицерлер үйінде өтті. Шараға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері басшылығы, қалалық әкімдік пен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің өкілдері және жауынгердің туыстары қатысты.

Өмірзақ Қазанқапов 120-шы жеке атқыштар бригадасының құрамында Ржев-Сычев шабуыл операциясына қатысқан кезде 1942 жылдың 14 тамызында қаза тапқан. 78 жылдан кейін туыстары оның қаза тапқан жерін біліп, туған жерінде қайта жер қойнына тапсыра алды.

Солдаттың сүйектерін "Поиск" Мәскеу қоғамдық ұйымының "Кобальт" іздеу жасағы Смоленск облысы Темкин ауданының аумағына далалық шығу кезінде тапты. Әскери қызметші туралы ақпарат 1925 жылғы үлгідегі жақсы сақталған солдат медальонының бланкі негізінде анықталды.

Іздеу жасағы сарбаздың туған-туыстарын ұзақ уақыт іздеді. Нәтижесінде Семей қаласынан шөбересі – Омарғали Мадияр мен Павлодардан – шөбересі Ләззат Қазанқапова табылды. "Кобальт" іздестіру жасағының командирі сарбаздың сүйектерімен бірге туыстарына оның жеке заттарын табыс етті. Атап айтқанда, каска, саперлік күрек, сабын салғыш, саптыаяқ, медальон, рамкадағы жапсырма, тарихи анықтама және құжаттары бар медаль.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы атап өткендей, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – әлем тарихындағы ерекше оқиға. Бұл соғысқа 1,2 миллион қазақстандық аттанып, олардың 600 мыңнан астамы қайтып оралмады. Соғыстан оралмаған 270 мыңға жуық сарбаз мен офицер із – түзсіз жоғалып кеткен.

"Біз соғыстан қайтып оралмаған Өмірзақ Қазанқаповтың жарқын естелігіне бас иеміз. Ерлікпен қаза тапқан адамды қайғыра еске аламыз. Соғыс батырларын мәңгі есте сақтау үшін тынымсыз іздеу жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысқан барлық азаматтарға үлкен алғыс айтқым келеді", – деді генерал-майор Асан Жүсіпов.

Қаза тапқан сарбаздың сүйектері Семей қаласындағы зиратқа әскери құрметпен қайта жерленді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети