05 мамыр 2019 14:20

ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне орай қанша беріледі?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Турар Казангапов © Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай қанша ақша алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай қанша ақша алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Миниистрліктің мәліметінше, Қазақстанда биыл 1 мамырдағы мәліметке сәйкес 1425 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектер, сондай-ақ, 87 мыңнан астам ҰОС ардагерлері тұрады, олардың ішінде Қоршаудағы Ленинград тұрғындары, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары және басқалар.

Жергілікті атқарушы органдар ардагерлерге қолдау көрсету және оларға құрмет көрсету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Әкімдіктер өздерінің бюджеттерінің мүмкіндігіне қарай біржолғы ақшалай төлем мөлшерін дербес белгілейді.

Ең үлкен соманы Шығыс Қазақстан облысында тұратын ардагерлер 542 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында - 519 мың теңге, Ақмола және Павлодар облыстарында - шамамен 500 мың теңге алады. Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлем 300 мың теңгені құрайды.Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында шамамен 250 мың теңге қарастырылған. Қызылорда облысында 202 мың теңге, Қостанай және Жамбыл облыстарында 150 мың теңгеден.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушысына және әрбір мүгедекке кем дегенде 300 мың теңге төлеуге кеңес берді.

Сондай-ақ, Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - жалпы сомасы 3,4 млн. теңгеге 69 адам, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына (283 адам - 14,5 миллион теңге), қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайларына (4 179 адам - 79,1 миллион теңге), ҰОС кезінде қаза болғандардың жесірлеріне (364 адам - 11,5 мллион теңге), тыл еңбеккерлеріне (67 479 адам -1,3 миллиард теңге) және ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген басқа азаматтарға (15 066 адам - 676 миллион теңге) түрлі біржолғы төлемдер тиесілі.

Бұдан басқа, ҰОС мүгедектерін бірінші кезекте санаторлық-курорттық емдеумен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, протездеу бойынша медициналық қызметтермен, сурдоқұралдармен және басқа да компенсаторлық қосалқы құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. 

Жеңістің 74 жылдығына орай 88 862 ҰОС ардагерлеріне 2,6 миллиард теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек төленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети