Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"URKER - 2022" Ұлттық бәйгесінде Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия беріледі 06 қазан 2022, 18:28

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін "URKER - 2022" Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

"URKER - 2022" Ұлттық бәйгесінде Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия беріледі "URKER - 2022" Ұлттық бәйгесінде Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия беріледі

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін "URKER - 2022" Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқауға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы. 

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты;
  • Жылдың үздік репортажы;
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы;
  • Халықаралық тақырыптағы үздік материал;
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
  • Радиостанциядағы үздік жоба;
  • Жылдың үздік фотосуреті;
  • Үздік өңірлік БАҚ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QR AQDM | МИОР РК (@aqparatqogam)

Сондай-ақ, байқауда Ахмет Байтұрсынов, Шерхан Мұртаза, Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия ұсынылады. 

Айта кетейік, URKER - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!


Join Telegram