"Мақсат Үсеновтің қатысуымен орын алған жол көлік оқиғасында зардап шекккен әйел азамат ауруханадан шықты. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласындағы №7 аурухана қызметкерлері хабарлаған.
"Мақсат Үсеновтің қатысуымен орын алған жол көлік оқиғасында зардап шекккен әйел азамат ауруханадан шықты. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласындағы №7 аурухана қызметкерлері хабарлаған.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел азамат ауруханаға таңертең 9:25-те жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шеккен әйелдің жағдайы жақсы, сондықтан ол үйіне жіберілген. Енді ол жергілікті емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең "Mercedes" көлігін басқарған Мақсат Үсенов жолдың қарсы бағытына шығып "Toyota RAV4" көлігін соққан болатын. Салдарынан "Toyota RAV4" көлігінің жүргізушісі, 38 жастағы әйел азамат бас жарақатымен ауруханаға түскен еді.