11 маусым 2015 | 23:10

Үсеновтің неліктен қамауға алынғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот таяуда ұсталған Қажымұрат Үсеновке қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Сот таяуда ұсталған Қажымұрат Үсеновке қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астананың №2 Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновке қатысты Астана прокуратурасымен келісілген және сотқа дейінгі тергеу органының таңдаған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Үсенов "ЭКСПО-2017" кеңесшісі қызметінде. Үсеновке бюджеттен 214 000 000 теңгені жымқырды және аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келді", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметінше, 2014 жылдың басында Қажымұрат Үсенов Southfork ДШС атқарушы директорымен және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құзырлы тұлғаларымен бірге Астанада өтеді деп жоспарланған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырыған көрмесінің дайындығына арналып, сеніп тапсырылған қаражатты жымқыруды ойлаған.

Бұдан кейін Үсенов "ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құзырлы тұлғалардың бірқатарымен бірлесіп, бюджет қаражатын жымқыруға бағытталған қылмыстық ниетін жүзеге асырып, заңсыз әрекет етіп, ашық тендерде Southfork ЖШС-ны ашық тендерде жеңімпаз деп тануға жағдай жасаған. 2014 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Southfork ЖШС көрменің құрылыс алаңының қоршауының құрылысы бойынша жұмыс жүргізді. Алдын ала сөз байласу арқылы Сейітов материалдық тұрғыда ақша табу мақсатында ай сайын атқарылған жұмыстар актісін толтыруда оған жұмыс пен бағаның көтерме көлемін қосқан. 

Олардың негізінде 2014 жылдың 15 мамыры мен қазан айының аралығында Southfork ЖШС-ның есепшотына ірі көлемде қаражат аударылып отырған. Әрмен қарай қаражаттың бір бөлігі қолма-қол ақшаға айналған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қажымұрат Үсеновтің ұсталғаны жайлы хабар 11 маусымда тарады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети