02 наурыз 2022 14:33

"Үш баланың әкесі, 62 мың оқырманы бар". Жаңа депутат Саясат Нұрбек туралы не белгілі?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram/sayasatnurbek Сурет: instagram/sayasatnurbek

Бүгін, 2 наурызда Парламент Мәжілісіне жаңа депутат сайланды. Ол - білім саласында еңбек етіп жүрген қоғам белсендісі, 40 жастағы Саясат Нұрбек. Жаңа депутат туралы тағы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 


Бүгін, 2 наурызда Парламент Мәжілісіне жаңа депутат сайланды. Ол - білім саласында еңбек етіп жүрген қоғам белсендісі, 40 жастағы Саясат Нұрбек. Жаңа депутат туралы тағы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Саясат Нұрбек Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтағаннан кейін партиялық тізім бойынша бос мандат беріліп, депутаттықа сайланды. Бүгін ол Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sayasat Nurbek (@sayasatnurbek)

Саясат Нұрбек - Семей тумасы. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдаған. Сингапурда мемлекеттік қызмет колледжінде, АҚШ-тың Индиана штатында Нотр Дэйм университетінде оқып, Римде La Sapienza университетінде халықаралық қауіпсіздік және геосаясат магистрі дәрежесін алған. Сондай-ақ, Римдегі ICU институтында 2 жылдық тағылымдамадан өткен.

Бүгінде Саясат Нұрбек білім саласының сарапшысы, BTS Education бас директоры. Оған қоса, алдағы 5-10 жылда сұранысқа ие болатын және жаңадан пайда болатын я жойылатын мамандықтар тізімі жинақталған "Жаңа мамандықтар атласы" жобасының жетекшісі.

"Білім беру құрметті қызметкері" төсбелгісімен және Мемлекет басшысының жарлығымен еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қызметі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған. 

Жаңа депутаттың Instagram-парақшасында 62,4 мың оқырманы бар. Желіде белсенді ол білім саласына қатысты түрлі жазба жариялап, тікелей эфирлер жиі өткізіп тұрады. 

Саясат Нұрбек үш баланың әкесі.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sayasat Nurbek (@sayasatnurbek)

Аikyn басылымына берген сұхбатында, ол 2018 жылдың ақпанынан бастап Google Brains компа­ния­сында кеңесші екенін де айтқан.

Саясат Нұрбек 2017 жылға дейін мемле­кет­тік қызметтерді атқарған. "Алаш айнасы" сайтында жаңа депутаттың осы кездегі қызметтері жазылған. 

Мысалы, 2000-2002 жылдары конгресмен Марк Смиттің сайлауалды науқанында жеке көмекшісі, Айова штаты үкіметінің ақпараттық технологиялар департаментінде инновациялық технологиялар қызметкері болған. 

2002-2006 жылдары Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Мемлекет пен құқық теориясы және тарихы" кафедрасында оқытушысы, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры және Астанадағы "Art-Motion" ЖШС-да промоушн және дизайн агенттігінің директоры.

2006-2008 жылдары - Туриндегі қысқы Олимпиадалық ойындарда TOROS-та ұйымдастыру комитетінің аудармашысы, "Қазына" Орнықты даму қоры" АҚ инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр жұмыстары және мемлекеттік бақылау бөлімінің кадр саясаты секторының меңгерушісі.

2008-2009 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару институтының менеджмент кафедрасының доценті, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ кадр саясаты және персоналды басқару департаментінің атқарушы директоры.

2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті болды.

2013 жылдан бастап "Нұр Отан" қоғамдық саяси институтының директоры болды.

Суреттер: instagram.com/sayasatnurbek

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети