12 мамыр 2022 13:58

Үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәбит Шонтақбаев. Фото Александр Куприенко Сәбит Шонтақбаев. Фото Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен шықтым. Құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да екі бөлмелі пәтер беріледі деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр", - деді Шонтақбаев Tengrinews.kz тілшісіне.

Ер адам оған белгісіз біреулер телефон соғып, кешегі әрекеті үшін алғыс айтып жатқанын атап өтті.

"Бәрін бірдей есте сақтай алмаймын, бәрі алғыс айтып, қолдап жатыр. Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған, Алматыдан, жан-жақтан телефон соғып жатыр. Тіпті, көбін танымаймын", - дейді ол. 

Сәбит Шонтақбаев қолдап жатқан Қазақстан халқына алғысын білдірді.

"Құдайға шүкір, маған бәрі жетеді. Қазақстан халқына үн қатқым келеді, көмектесіп жатқан адамдарға алғыс айтамын. Бір-бірімізге жақсылық жасау өте дұрыс", - дейді ол.

Сәбит қыздың ата-анасымен әлі кездеспегенін айтты.

"Қыздың анасы телефон соғып, алғыс айтты. Ата-анасын әлі көрген жоқпын", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети