19 наурыз 2018 09:31

Үш жыл бұрын жоғалып кеткен қарағандылық Алматы облысынан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында полицейлер 2015 жылдың маусымынан бері жоғалып кеткен адамдардың тізімінде болған 44 жастағы қарағандылықты іздеп тапты, - деп хабарлайды patrul.kz.


Алматы облысында полицейлер 2015 жылдың маусымынан бері жоғалып кеткен адамдардың тізімінде болған 44 жастағы қарағандылықты іздеп тапты, - деп хабарлайды patrul.kz.

Қарағандылықтың анасы полицияға осыдан үш жыл бұрын арыз жазған екен. Қарағандылықтың Еңбекшіқазақ ауданынан табылғаны белгілі болды. 

"Ер адам жеке куәлігін қайта рәсімдемекші болған кезде оны полиция бөлімшелерінің қызметкерлері ұстаған. Қарағандылықтың туыстарымен жанжалдасып кетіп, осы уақытқа дейін Алматыда және қаланың шет аумақтарында табыс тауып жүргені анықталды. Қазіргі уақытта ер адам Ақбастау ауылындағы таныстарының бірінің үйінде тұрып жатыр", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қарағандылық әзірше үйіне қайтудан бас тартып отыр. Бірақ ер адамның жақындарына оның аман-есен екені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети