11 шілде 2016 14:16

Үш павлодарлықтың сібір жарасын жұқтырғаны расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Үш павлодарлықтың сібір жарасын жұқтырғаны расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері брифинг барысында хабарлады.


Үш павлодарлықтың сібір жарасын жұқтырғаны расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері брифинг барысында хабарлады.

Жедел мәліметтерге қарағанда, осыған дейін ауруханаға жеткізілген екі науқас, яғни ер адам мен әйел, сонымен қатар ауылдағы тұрғындардың бірі сібір жарасы індетін жұқтырған. "Ауруханаға жеткізілгендердің бірі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екеуі палатада ем алып жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл науқастар індетті етті сойған кезде жұқтырып алған. Себебі етті сойып жатқан кезде олардың қолдарында жара болған. Ал бүгін референт орталығының нәтижелері зерттеліп жатқан еттің құрамында сібір індетінің бар екендігін  көрсетті. "Ұзынсу ауылдық округінде және Ертіс ауданында карантин жарияланды", - деді облыстың бас санитарлық-мал дәрігерлік инспекторы Рашид Нұрбеков.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, кінәлілер жазасын алады. Кеше, 10 шілдеде оқиға орнында республикалық референт орталығының мамандары жұмыс істеді. Олар зерттеу жұмыстарын қайта жүргізу үшін дәмханадан алынған ет пен малға егілген вакциналарды таңдап алды. Зерттеудің нәтижелері кейінірек дайын болады.

Сонымен қатар, сібір жарасын жұқтырған деген күдікті адамдардың саны 42-ге жеткен. Оларды барлығы алдын ала химиялық емдеуден өтіп жатыр. Алайда, олар ауруды жұқтырған ба, жоқ па оны дәрігерлер нақтыламады.

Ал "Қазақстанның ет-сүт одағы қауымдастығының" өкілдері мал дәрігерлік жүйеде реформа жүргізуді ұсынды. "Жақында бірнеше өңірде сібір жарасын жұқтырды деген ақпарат таралған болатын. Мұның барлығы мал дәрігерлеріне қатысты мәселе. Өкінішке қарай, бұл мәселе ұмытылып кеткен еді, қажетті назар аударылмады. Тіпті премьер-министр өзінің үндеуінде мал қорымдарындағы жұмыстарды реттеу керек екенін айтқан болатын", - деді қауымдастықтың төрағасы Мақсұт Бақтыбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети