09 қыркүйек 2019 17:59

Ұшақ билеттерінің бағасы қайта қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде әуе билеттерінің бағасы қайта қаралады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арзан билеттер көп ұзамай сатылымға шығатынын жеткізді, - деп хабарлайды "Хабар 24"


Елімізде әуе билеттерінің бағасы қайта қаралады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арзан билеттер көп ұзамай сатылымға шығатынын жеткізді, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Бірақ уақытымен бағасын нақтылай алмады. Ведомства өкілдерінің айтуынша, бағаның жоғары болуына тасымалдаушы ұшақтың тапшылығы мен отандық жанармайдың жетіспеушілігі себеп болды. Енді осы мәселені шешу үшін "Эйр Астана" мен "Қазақ эйр" компанияларына қаржылай көмек беріледі. Ол әуе компаниларының ұшақ алуына жұмсалады. Сондай-ақ энергетика министрлігімен бірлесіп, керосин бағасын арзандату жолдары да қарастырылып жатыр.

"Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытын жаңғыртқаннан кейін, керосиннің ішкі сұранысы толық қанағаттандырылды. Ресей отынына тәуелділікті азайттық. Осының арқасында Қазақстандағы сұйық отын бағасы Өзбекстан, Қырғызстан, Новосібір әуежайларындағы керосиннен арзандау болып тұр", - дейді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Әлжанов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети