30 қаңтар 2014 17:36

Ұшақты басып алу кезіндегі әрекетке қатысты заңға қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Марат Әбілов (фото) Нұрсұлтан Назарбаев. ©Марат Әбілов (фото)

Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін аталған келісімнің мақсаты терроризмге қарсы әрекет етуге арналған құқықтық база жасау мен ұшақты басып алу кезінде ТМД мемлекеттерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекші күштерін бірыңғай ұйымдастыру екені айтылған болатын. Қорғаныс вице-министрі Оқас Сапаров бұл келісімде әуе шабуылына қарсы қорғаныс қызметінің әуедегі лаңкестіктер мен ұшақты басып алу сияқты оқиғалар кезіндегі іс-әрекетінің регламенттелетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, мұнда күштердің әуеде қауіп анықталған жағдайда ақпарат жинау тәртібі де бекітіледі. Вице-министрдің айтуынша, құжатта лаңкестік әрекеттер кезінде әуе кемесі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жерүсті кеме құралдары қаруын пайдаланудың тәртібі көрсетілген. "Лаңкестік әрекетті жасауға қолданылып отырған ұшақты жою үшін қару мен ұрыс техникасы ұшақты ұлтық заңнамаларға сәйкес қондыруға бағытталған шаралардың бәрі таусылған кезде ғана қолданылатынын атап өту керек", - деген болатын Оқас Сапаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети