Үшарал - Достық автожолы боран мен көктайғаққа байланысты жабық тұр

29 Қаңтар 2015, 09:03
0
Үшарал - Достық автожолы боран мен көктайғаққа байланысты жабық тұр - Тengrinews.kz мұрағатынан
Тengrinews.kz мұрағатынан

Боран, көктайғақ пен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Алматы облысында Үшарал - Достық автожолының учаскесінде қозғалысқа тыйым салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"29 қаңтар күні ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) Үшарал - Достық автожолының 83-184-шақырымдардағы учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Үшарал - Достық автожолының Көктума және Достық станциялары арасындағы учаскесіне кеше, 26 қаңтар күні кешкісін де боранға байланысты шектеу енгізілген еді. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, бүгін, 29 қаңтар күні Алматы облысының Жалаңалкөл көлі ауданында секундына 17-22 метрге, арагідік 28 метрге жететін жел соғып, тұман түседі. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай