19 мамыр 2021 11:31

Үсік және 35 градус ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" синоптиктері 20-22 мамырға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері 20-22 мамырға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сүйенсек, 20 мамырда Қара теңіз аудандарынан суық ауа массасының келуіне байланысты, батыс және оңтүстік өңірлерді қоспағанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасының қысқа мерзімге төмендеуі күтіледі. Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда кей жерде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

"21 мамырда түстен кейін Иран аудандарынан жылы ауа массасының келуіне байланысты температура көтеріледі: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарда 25-33 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 35 градус ыстық болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 20-21 мамырда еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең жекелеген облыстарда тұман күтіледі", - деді метеорологтар.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 18-20 мамырдағы ауа райы болжамы туралы айтқан болатын. Осы кезеңнің соңында бірнеше аудандарда салқын болады деп хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети