08 қаңтар 2022 12:38

Ұсталғандар ішінде шетелдіктер бар - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 4266 адам ұсталды, олардың ішінде шетелдіктер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап.


Қазақстанда 4266 адам ұсталды, олардың ішінде шетелдіктер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап.

"8 қаңтарға қараған түні ел өңірлерінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтап, ұстау бойынша жедел шаралар жүргізді. Полиция органдары жалпы 4266 адамды ұстады. Олардың ішінде шетелдік азаматтар бар", - деп хабарлады жедел штаб өкілдері.

Алматыда 7 қаңтарда сағат 20:46-да Қалқаман ықшамауданындағы ТЖО-лардың бірінде оқ-дәрілер, қару-жарақ және ұрланған заттар анықталды (велосипедтер, теледидарлар және ұялы телефондар). Соталды тергеу жүріп жатыр.

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде де 100 адам ұсталғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар - көрші елдің азаматтары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети