27 тамыз 2023 10:14

Үстіне алтыншы қабаттан диван түсіп кеткен ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Биыл қаңтарда көшеде кетіп бара жатқан кезінде үстіне алтыншы қабаттан диван түсіп кеткен ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның ағасы хабарлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның ағасының сөзінше, ер адам 26 тамызда қайтыс болған.

"Бізге Германия мен Ресейден мамандар шақыруымызға тура келді. Себебі Қазақстандағы бірде-бір дәрігер оны қабылдамады", - дейді 39 жастағы марқұмның ағасы.

Еске салайық, биыл қаңтарда Ақтаудағы 11-шағын ауданда №41 үйден төменге жиһаз түскені хабарланған болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Lada.kz мәліметінше, мамырда диванды лақтырған адам кім екені ақыры анықталмаған.

Диван өтіп бара жатқан адамға түскен. Ер кісінің мойын омыртқасы сынған. Ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети