01 қараша 2021 11:49

Үстіне металл конструкциясы құлаған елордалық 10 күннен бері жансақтауда жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда үстіне конструкция құлап, зардап шеккен әйел 10 күннен аса уақыт ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда үстіне конструкция құлап, зардап шеккен әйел 10 күннен аса уақыт ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Науқастың жағдайы әлі де ауыр, дәрігерлердің бақылауында болады, жансақтауда жатыр. Дәрігерлер ешқандай болжам жасай алмайды. Әйел ауруханаға бас жарақатымен өте ауыр жағдайда түсті. Бірден медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл ота жасалды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

22 қазанда Сығанақ көшесіндегі "Номад" ТК ғимаратындағы сауда үйінің кіреберісінде әйелге конструкция құлаған.

Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған еді.

BI Group баспасөз қызметі бизнес-орталықтың шатырын жалға алатын компанияның құрылыс холдингіне қатысы жоқ деп мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети