30 қаңтар 2019 16:03

"Ұялатын ештеңесі жоқ". Елбасы министрлерді қазақстандық киім киюге шақырды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев тағы да отандық киімдер туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев тағы да отандық киімдер туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент барлық министрге қазақстандық костюмдерді киюді тапсырды. "Барлығын шетел алып келеді. Сәнгер мен сәнқойлар - оларға "шанел-манель" кию керек екен деген сияқты әңгіме қозғады. Бірақ қарапайым халық ше..." - дейді Нұсұлтан Назарбаев.

"Өз киімдерімізді танытуымыз керек. Осы жерде отырғандардың бәрі сол киімдерді киюі қажет. Алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Нақтылап қарамаса, оны қайдан шыққанын біле алмайсың. Мемлекеттік қызметкерлерге қарапайым киімдер бар. Осылайша біз отандық жеңіл өнерәсіпті дамытамыз", - деп Президент ойын айтты. 

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев импорталмастыру туралы былай деді:

"600 миллиард теңге импорталмастыруға жұмсалады. Былтыр біздің азық-түлік өндіру қарқынымыз түсіп кетті, себебі бағам айырмашылығына байланысты ресейлік импорт 12,5 пайызға өсіп кетті. Халыққа негізгі деген тауарлардың уақтылы өндірілу кепілдігі қажет: киім, азық-түлік және күнделікті қолданыстағы заттар. Осы бағдарламада бәрі қаралған". Оған қоса ол Президентке Қазақстанда ағайынды екі жігіттің отандық киім шығаратын компания ашқанын айтты.

"Біз оларға жағдай жасап берсек, олар ірі компания болады. Біз анда-мында барамыз, бірақ өз ішкі тауараларымызды пайдаланбаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2015 жылы Президент өзін "Қазақстандық өнімдердің тегін жарнамасы" екенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети