20 қаңтар 2014 14:23

Вагондар арасына қысылып қалған ақтөбеліктің өліміне жұмыс беруші кінәлі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz сайтынан Фото vesti.kz сайтынан

Қос вагонның арасына қысылып қалған ақтөбеліктің өліміне жұмыс беруші кінәлі деп хабарлайды "КТК". Қайғылы оқиға бір ай бұрын болған - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшысы екі вагонның арасында қысылып қалып, сол жерде жан тапсырды. Кейін жұмыс беруші машинистің 25 жастағы көмекшісі Сұлтан Аймұратов осындай әдіспен өзіне-өзі қол жұмсады деп мәлімдеді. Суицид туралы жорамал марқұмның туыстары үшін төбеден жай түскендей болды. Әсіресе, оның әйелі мен ата-анасы бұған сенбейді. Аймұратовтың туғанына сегіз ай болған ұлы бар. Төтенше оқиғаның мән-жайын Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мамандары анықтады. Сол күні Аймұратов тепловозда жұмыс істемеуі керек болған. Бірақ жұмысшы тапшылығына байланысты оған вагондарды байланыстыру міндеті тапсырылған, алайда бұл оның міндетіне кірмейтін болып шықты. "Аймұратов жұмысқа тепловоз машинисінің көмекшісі ретінде алынған, ал қайғылы оқиға кезінде ол вагондарды жалғаушының міндетін атқарған. Ол бұл жерде мүлдем болмауы керек еді", - дейді еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма қызметкері Жолмұрат Жұбаназаров. Инспекторлар қылмыстық іс шеңберінде қарау үшін бұл оқиғаға қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети