Вакцина салдырған 104 қазақстандық коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вакцина салдырған 104 қазақстандық коронавирус жұқтырды Фото ©REUTERS

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырғандар арасында 104 адам СOVID-19 жұқтырған. Бұл ретте ведомство өкілдері барлық пациент вирусты вакцинация кезеңінде жұқтырғанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Біз вакцинациядан кейін, бірінші және екіншісі компоненттен кейінгі сырқаттанушылыққа міндетті түрде мониторинг жүргіземіз. Жалпы еліміз бойынша бірінші компоненттен кейін аурудың 541 жағдайы тіркелді. Екінші компоненттен кейін - 104 жағдай", - деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Ол бұл ақпаратты "дұрыс түсіндіру керек" екенін айтты. Себебі бұл адамдар инкубация кезеңінде - 14 күн ішінде ауырған. 

"Яғни, олар жұқтырған соң барып вакцина салдырған", - деді Есмағамбетова.

"Біз "Спутник V"-ның тиімділігі 92 пайыз екенін білеміз. Қалған сегіз пайызында иммундық жауап болмайды делінді.

Статистика вакцинацияның тиімді екенін дәлелдейді, бірақ ешкім вакцина аурудан 100 пайыз қорғайды деп айтпады, айтпайды да", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +31
Ақтау +33
Ақтөбе +31
Атырау +32
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +40
Қызылорда +35
П
Павлодар +27
Петропавл +34
С
Семей +37
Т
Талдықорған +38
Тараз +42
Түркістан +30
О
Орал +32
Ө
Өскемен +40
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер