01 мамыр 2021 15:18

Вакцинация: Medsupportkz қауымдастығы министрлікке үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Medsupportkz қауымдастығының дәрігерлері Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысындағы халықты вакцинациялау туралы жаңалыққа байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Medsupportkz қауымдастығының дәрігерлері Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысындағы халықты вакцинациялау туралы жаңалыққа байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес, вакцинаның екі дозасының арасы 45 күнге дейін ұзартылды (бұрын 21 күн болған), ал жалпы алғанда "Спутник V" екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат берілді. Алайда дәрігерлер бұл шешіммен келіспейді. Тәуелсіз ғылыми және медициналық қоғамдастықтың Instagram-дағы парақшасында шұғыл үндеу пайда болды.

"Коронавирус инфекциясына иммунитет екінші дозадан кейін орта есеппен екі аптадан соң қалыптасады. Осы уақытта пациент иммундық қорғаныс пайда болғанға дейін ауырып қалмас үшін барлық сақтық шарасын ұстануы керек", - деді Medsupportkz қауымдастығы. 

"Қазіргі вакцинация қарқыны мен сақтық шараларын қатаң сақтау мүмкін емес кезде, бұл екінші дозаны салдырғанға дейін COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады", - дейді дәрігерлер мен ғалымдар.

Medsupportkz қауымдастығының өкілдері бас санитария дәрігерден вакцинацияның жаңа ережелері қандай негізде қабылданғанын және бұл халықты COVID-19-дан иммундауға қалай көмектесетінін түсіндіруді сұрады. 

"Спутник V" вакцинасының екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат етілгені хабарланған болатын. Вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Medsupportkz қауымдастығы Бекшиннің симптомсыз коронавируспен ауыратын науқастарды Алматыда ауруханаға жатқызу туралы шешімін сынға алған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети