1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Спутник V" екінші компонентін салдыру мерзімі ұзартылды 01 мамыр 2021, 09:33

"Спутник V" вакцинасының екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат етіледі. Бұл тармақ Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

"Спутник V" вакцинасының екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат етіледі. Бұл тармақ Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 миллилитр дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 миллилитр дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге болады", - делінген қаулыда. 

Вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізілетіні хабарланды.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар Қазақстанға келгенде ПТР-сынақтан босатылатыны жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram