30 сәуір 2021 22:09

COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар Қазақстанға келгенде ПТР-сынақтан босатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға ұшақпен, теміржол, теңіз, өзен, автокөлікпен келетін азаматтар ҚР аумағында COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғанын растайтын құжат ұсынылған кезде ПТР-тестілеуден өтуден босатылады.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде келген барлық адамдар, олармен бірге жүретін адамдарда; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларында; әуекомпаниялар экипаждарында анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, нәтиже берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) (бұдан әрі - анықтама) ұсынуға міндетті; растайтын құжат ұсынған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға беріледі.

Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктінде шектеу шараларын жүргізуге жатады", - делінген құжатта.

Осындай өкім Қазақстанға теміржол, теңіз, өзен және автокөлікпен келгендерге де қатысты.

Бұдан басқа, шұғыл көмек көрсетуге мұқтаж босанатын әйелдер мен науқастарға медициналық мекемелерге түскен кезде COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпей-ақ көмек көрсетіледі. Олар жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған мекемеге орналастырылады.

Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни нысандар аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "жұма намазы", күнделікті православиелік дұғалар және басқалар) ашық аспан астында өткізу маска режимін және бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықты сақтай отырып жүзеге асырылады, делінген құжатта.

Демалыс және сауықтыру лагерьлеріне келген әрбір балаға денсаулық жағдайы туралы құжаттар (086/у нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоғы туралы анықтамалар, келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19 зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда жұмыс беруші COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19 жұқтырып, ауырмаған, жұмысы өндірістік объектіде болуды талап етпейтін қызметкерлерді қашықтан істейтін жұмыс түріне ауыстыру керек деген тармақ бар.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети