1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Вакцинация паспортында ревакцинация туралы дерек пайда болады - ДСМ 12 қараша 2021, 17:36

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова вакцинация паспортында ревакцинация
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова вакцинация паспортында ревакцинация туралы деректер болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ревакцинацияға қарамастан, вакцинаның екі дозасын салдырған адамда Ashyq-тағы "жасыл" статус бір жыл сақталады. Яғни, қайта вакцина алатындарға бұл мерзімді ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Тек оның қанша уақытқа созылатынын анықтау керек", - деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, әлемде коронавирусқа қарсы иммунитет қаншаға созылатыны туралы дәлелденген деректер жеткіліксіз.

"Сонымен қатар, 7 айдан бір жылға дейін, әртүрлі деректер бар. Сондықтан деректерге сүйене отырып, Ashyq-тағы "жасыл" мәртебе бір жылға белгіленді. Кейбір жаңа деректерге сүйенсек, иә, иммунитет ұзаққа созылады, бірақ өкінішке қарай, әлемде болып жатқан жағдайды және ревакцинацияны ескерсек иммунитет айтарлықтай ұзаққа созылмайды", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Есмағамбетова барлық вакцинация дерегі вакцинация паспортында нақты вакцина мен вакциналау күнін көрсете отырып енгізілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram