Венада Рахат Әлиевтің ісіне қатысты сот басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Венада Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің ісіне қатысты сот басталды, - деп хабарлайды AFP. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 23 ақпан күні түнде асылып тұрған жерінде табылған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Венада Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің ісіне қатысты сот басталды, - деп хабарлайды AFP. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 23 ақпан күні түнде асылып тұрған жерінде табылған болатын.

Сот алдында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Қазақстан Президенті күзетінің бұрынғы қызметкері Вадим Кошляк жауап беріп жатыр. Олар Рахат Әлиевпен бірге адам ұрлап, 2007 жылы Нұрбанктың топ-менеджерлерін өлтірді деп айыпталып отыр. Алдағы 26 күнде 60-тан аса куәгерден жауап алынады деген жоспар бар, олардың көпшілігі Қазақстаннан ұшып барады. Бұған дейін бұл істің австриялық әділет тарихындағы ең күрделі істің бірі болатыны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растады. Құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұстаған еді. ҚР Бас прокуратурасы оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау мен өлтіруге қатысты тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады. Қазақстанда бұрынғы елшіге 40 жылға бас бостандығынан айыру сырттай жазасы кесілген болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro