Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Венгрияда Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды

15 Қазан 2016, 10:28
0
© ҚР СІМ баспасөз қызметі
© ҚР СІМ баспасөз қызметі

2016 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы (ОММ) Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің қолғабысымен Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегі жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу шеңберінде музей директоры Нұрсан Әлімбай 1916 жылғы ұлт-азаттық қоғалысының көтерілістік әскерінің қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегі 93 жылдан кейін туған еліне қайтарылып, оның бет бейнесін қалпына келтіруі барша Қазақстан үшін маңызды тарихи оқиға болып саналатындығын атап өтті.

"Венгрияның Жаратылыстану ғылымдары мұражайында ОММ-ның директоры Нұрсан Әлімбай Кейкі батырдың ДНҚ сараптамасын жасау және оның бет-бейнесін қалпына келтіру үшін Бас директор Золтан Коршошқа бас сүйекті табыс етті", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, биыл Венгрияның Жаратылыстану ғылымдары мұражайы 214-жылдығын тойлайтыны белгілі боды. Оның ішінде 10 миллионнан астам экспонат сақталуда. Сонымен бірге, мұражайдың антропологиялық бөлімі 70-ке жуық бет бейнені қалпына келтіру жұмыс өткізді, оның ішінде Әбілқайыр ханның бет бейнесі де бар.

Айта кетейік, Венгрияның антропологтары Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсанына дейін бітіріп тастауды жоспарлап отыр.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын. Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай