26 сәуір 2023 09:16

Венгриялық қыз қазақ тілін үйрену үшін Қазақстанға көшіп келген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Венгриялық Богларка Фехер Қазақстанға қазақ тілін үйреніп, қобыз тартуды меңгеру үшін келген. Бүгінде ол Түркістан қаласында тұрып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.


Венгриялық Богларка Фехер Қазақстанға қазақ тілін үйреніп, қобыз тартуды меңгеру үшін келген. Бүгінде ол Түркістан қаласында тұрып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

"Менің ұстазым - Ерасыл Қауымбаев. Сонымен қатар, ол маған домбыра тартуды үйретіп жүр. Мен елге көшіп келгенде домбыра тартуды үйреніп кетемін деп ойламадым. Бірақ үйреніп жүргеніме қуаныштымын", - дейді венгриялық ару.

Ол қобызға 2014 жылдан бері қызыға бастаған, оған себеп - "Тұран" ансамблінің өнер көрсетуі болған екен.

"Сол кезден бастап қазақ мәдениетіне ғашықпын. Өз елімде ансамбль құрамында болдым, маған қобыз сыйға берілген болатын. Бұл аспапты тез үйреніп кеттім", - дейді шетелдік қыз.

Богларка Фехер қазақ тілін жақсы меңгерген, ағылшын, неміс, орыс және түрік тілдерін де жақсы меңгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети