Видеодағы шынымен де әкім: Шымкентте аудан басшысы төбелес үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодағы шынымен де әкім: Шымкентте аудан басшысы төбелес үшін жазаланды Видеодан кадр

Шымкенттің Қаратау ауданы әкімі футбол алаңындағы жанжалдан кейін қандай жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Мән-жайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шымкенттің Қаратау ауданы әкімі футбол алаңындағы жанжалдан кейін қандай жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Мән-жайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болған?

Еске сала кетейік, биыл наурыздың басында әлеуметтік желілерде Шымкентте аудан әкімі болуы мүмкін ер адамның белгісіз біреуді бірнеше рет итеріп, соққан сәті түсірілген видео тараған болатын.

Сол кезде қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл факт бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін және видеодағы жайттар расталса, шенеунікке қатысты тиісті шаралар қолданылатынын хабарлаған еді.

Қандай шешім қабылданды?

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі видеодағы адамның шынымен де аудан әкімі екенін растады.

Сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясы Шымкенттің Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа қатысты оқиғаны қарағаны хабарланды.

Отырыс барысында қызметтік тексеру нәтижелері зерделеніп, Абаевтың түсініктемесі тыңдалған.

Баспасөз қызметі мәліметінше, комиссия зерттелген материалдарды ескере отырып, Шымкент әкіміне Абаевқа қатысты қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсыну туралы шешім қабылдады.

Шымкент әкімінің өкімі бойынша, Алмас Абаев тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.08   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер