1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Вирус анықталған 53-ші адам Қазақстанға Ыстамбұлдан Бішкек арқылы келген

Вирус жұқтырған 53-ші адам Алматы облысына Ыстамбұлдан Бішкек арқылы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Оның ақпаратына қарағанда, 1986 жылғы ер адам 17 наурызда Ыстамбұлдан ұшып келген, ал Қазақстанға 18-і кірген.

"Қазір ол ауруханада жатыр", - деді ол.

Еске салайық, 53-ші вирус анықталған адам туралы 21 наурызда таңертең хабарланған болатын. Ол Алматы облысы Қарасай ауданында тұрады.

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қазір 28 адам, Алматыда 22 адам емделіп жатыр. Екі науқас Қарағандыда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Қазақстанда күн суытады