Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Вице-премьер жоғары оқу орындары үшін ұялады

12 Ақпан 2015, 18:20
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура Қазақстанның жоғары оқу орындарын тексеретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа сілтеме жасап. 

"Жоғары оқу орындары бойынша бізге экономиканың қажеттілігін ескере отырып маман даярлау керек. Өкінішке қарай, кейде жұмыссыздар қатарын толықтыруға өзіміз көмектесеміз. Біз министр екеуіміз мұнда, Астанада екі ЖОО-ға бардық. Тіпті, ұят! Студенттер жоқ, база жоқ, бақылау жоқ. Студенттердің алдында қандай да бір ұят болу керек қой, ертең олар кім болып шығады, қандай мамандық алып шығады?! Сондықтан мен осы жерде отырған жеке және мемлекеттік оқу орындары, колледждер басшыларынан қатаң тәртіп болуын сұраймын. Біз Бас прокуратурамен бірге тексеретін боламыз. Кімде талапқа сай келмей жатса - жабамыз", - деді Сапарбаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Ол оқу орындары басшыларына бұдан былай ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы жалған анықтамалардың қабылданбайтынын ескертті. 

"Кәсіби бейімдеу жөнінде - өкінішке қарай, онымен де айналысып жатқан жоқпыз. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілуі керек. Қазір бала оқу орнына қалай түседі: ата-анасы нені айтса, соны орындайды. Ал ертең ондай мамандық қажет бола ма?! Біз бұл мәселемен айналысуымыз керек. Жұмысқа орналасу жөнінде. Бұрын қалай болды - түлектердің жұмысқа орналасқаны туралы жалған анықтамалар енді жарамайды. Енді анықтаманы тек қана Зейнетақы төлеу орталығынан алатын боламыз", - деді Премьер-министрдің орынбасары. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай