Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Вице-премьер Қазақстанда McDonald's-тың жабылу себебін айтты 29 қараша 2022, 12:18

Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда McDonald's-тың уақытша жабылу себебін айтты, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда McDonald's-тың уақытша жабылу себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен сізге барлық ақпаратты айта алмаймын, өйткені мен алған ақпарат әлі бас кеңсемен келісілген жоқ. Өнімнің көп бөлігі шетелден әкелінді. Бізде тек тоқаштар өндірілді, оны "Байсерке-Агро" шығарды.

Сондықтан қазір қайта құру процесі жүріп жатыр. Біз басшылыққа сауда министрлігінен қандай көмек қажет екенін айттық. Мен Техникалық реттеу комитетіне сертификаттауға қалай көмектесе алатынымызды тезірек қарау туралы тапсырма бердім. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр", - деп жауап берді Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram