26 қыркүйек 2022 15:21

Ядролық соғыс қаупі бар ма? Қазақстандық ғалымдар пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

elements.envato.com/видео кадры

Қазақстандық ғалымдар әлемдегі ядролық соғыстың ықтимал салдары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық ғалымдар әлемдегі ядролық соғыстың ықтимал салдары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ядрошы ғалым Шаяхмет Шайғанақовтың пікірінше, әлемде ядролық бомбалауды бастау ықтималдығы өте аз және тіпті нөлге тең. Tengrinews.kz тілшісі сұрағына жауап бере отырып, ол заряд қуатына байланысты әртүрлі ядролық қару бар екенін түсіндірді.

"Шағын тактикалық ядролық зарядтар бар, олар шағын аумақта жауды жергілікті жоюға қолданылады. Олардың радиациялық әсері бірнеше километрмен шектеледі. Мұндай қару ресейліктерде де, НАТО-да да бар. Үлкен стратегиялық зарядтар да бар - зымырандар. Олар күшті болғаны соншалықты, мысалы, Нью-Йорк сияқты бір қалаға бір бомба жетеді. Мұндай бомбасы бар бір ғана зымыран атылса, бірден жауап қайтарылады. Әрбір елдің арсеналында осындай зарядтардың шамамен екі мыңы бар", - деп түсіндірді ғалым Шаяхмет Шайғанақов Алматыдағы "Ядролық ғылым және технологиялар" IV Халықаралық ғылыми форумы аясында.

Сондай-ақ, сарапшы ядролық соғыс Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін айтып берді.

"Егер басталса, оған бәрі ілігеді. Бүкіл әлемге әсер етеді. Бірақ бұлай болмайды деп үміттенеміз. Ресей мен Украина арасындағы жағдай өте шиеленіскен. Олардың шағын тактикалық ядролық бомбаны қолдану мүмкіндігі бар. Мүлде есін жоғалтып, стратегиялық зымыранмен бомбалауды бастаса ақыры жаман болады. Бұл жанкештілік болар еді. Онда Қазақстан да, Антарктидадағы пингвиндер де қырылып қалады. Бірақ бұған дейін жетпейді деп үміттенемін. Бұл мүмкін емес. Мұндай үлкен зарядтарды пайдалану ессіздік болар еді. Ықтималдық нөлге тең, менің ойымша", - деп есептейді Шайғанақов.

"Мұндай мүмкіндік барын мойындаған Англияның жаңа премьер-министрі (Лиз Трасс - авт.еск.) сөзінен кейін Байден де, Путин де пікір білдірді. Путин Ресейден ядролық соққы беру тек сыртқы агрессияға жауап ретінде жасалу мүмкін екенін растады. Бұл Ресейдің доктринасы, олар оны растады. Байден де солай деді. Сондықтан мен онша сенбеймін, тіпті мүлде сенбеймін және бұлай болмайды деп үміттенемін", - дейді ядрошы физик Сергей Кислицын.

Мамандардың айтуынша, АҚШ соңғы рет Хиросима мен Нагасакиде ядролық бомбаны 1945 жылы тамызда Жапонияға қарсы соғыста қолданған. АҚШ әскерилері Хиросимаға "Кид" атом бомбасын тастады, қуаты 13-18 килотонна тротилге тең. Нагасакиге 19-21 килотонна тротилге тең атом бомбасы тасталды. Сарапшылар пікірінше, бұл "кішігірім заряд" саналады, бірақ қазір стратегиялық бомбалар үшін мегатоннаға дейін қуатты зарядтар қолданылады.

Қазақстан 1993 жылы КСРО-дан мұраға қалған ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети