Ямайка мен Қазақстан виза тәртібін жеңілдетуге мүдделі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Ямайканың туризм министрлігі қазақстандық дипломаттармен бірге визалық тәртіпті жеңілдету мәселесін талқылады деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Қазақстанның Канададағы және Ямайкадағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов Кингстон қаласында болып, генерал-губернатор Патрик Алленге сенім грамоталарын тапсырған. Бұл құжат оны екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағалы бергі тұңғыш қазақстандық елші ретінде тіркейді. Мамандардың хабарлауынша, қазақстандық елші Ямайканың туризм министрі Вайкэм Макнейлмен кездескен. Өткен жылы Ямайкаға Қазақстаннан келуші туристер санының артқанын айтқан Макнейл туристер легінің алдағы уақытта да ұлғаюына мүдделі екенін білдірді. Қазақстанда ұзақ уақыттан бері жұмыс істейтін "Трансаэро" әуе компаниясының Мәскеуден Ямайкаға тұрақты рейстер ашуы Қазақстан мен Ямайка арасындағы қатынасты ыңғайлы ете түсетіні айтылды. "Тараптар визалық тәртіптің жеңілдеуі және Қазақстан мен Ямайка арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы екі елдің туризм ынтымақтастығын едәуір кеңейтуге өз септігін тигізеді деп уағдаласты", - делінген министрліктің хабарламасында. Сонымен бірге, Константин Жигалов Ямайканың Индустрия, инвестициялар және сауда министрі Энтони Хилтонмен де кездесіп, сауда-инвестиция саласындағы әріптестікті дамытудың болашағын талқылады. Хилтон қазақстандық компанияларды халықаралық сауда мен тауар тасымалын бекітуге және күшейтуге жәрдемдесетін Ямайкадағы жаңа халықаралық логистикалық хабты дамытуға қатысуға шақырды. Бұл ретте өзара тиімді ынтымақтастықтың екі негізгі саласы боксит пен алюминий индустриялары болмақ.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro