17 наурыз 2014 21:10

Ыдырысов пен Лавров Украинадағы ахуалды талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Лавров пен Ерлан Ыдырысов. ©Марат Әбілов Сергей Лавров пен Ерлан Ыдырысов. ©Марат Әбілов

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен Украинадағы ахуалды талқылады, - деп хабарлайды "РИА Новости" Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз департаментіне сілтеме жасап. "Тараптардың стратегиялық әріптестікті іске асыру, оның ішінде, Украинадағы ағымдағы оқиғаларға қатысты, сондай-ақ бұл елдегі жағдайды реттеуге бірігіп күш жұмсау мүмкіндігі бағытындағы позициялары талқыланды", - деп хабарлайды РФ Сыртқы істер министрлігі. Еске салайық, 16 наурызда қазақстандық тараптың бастамасымен Ресей Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында телефон әңгімесі болған еді. Тараптар Украинадағы ахуалды, оның ішінде, Қырымның тәуелсіздігі туралы референдум жөнінде пікір алмасты. 16 наурызда Қырымда референдум өтті. Сайлау учаскелерінен алынған бюллетеньдерді өңдеудің нәтижесінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 96,77%-ының Қырымның Ресей Федерациясы құрамына қосылуын қолдағаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети