Алдын ала мәлімет бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

"Бұл мәліметтер осы минуттағы жағдай бойынша беріліп отыр. (...) Біз анықтауды жалғастырып жатырмыз", - деді ҚР СІМ өкілдері. Айта кетейік, Tengrinews.kz оқырмандарының бірі Ыстамбұл әуежайындағы жарылыс кезінде Ыстамбұл-Астрахан рейсімен ұшқан барлық қазақстандықтың қонақүйге жеткізілгенін хабарлады. Оның хабарына қарағанда, олардың ішінде зардап шеккендер жоқ және олардың рейсі сенбіге, 2 шілдеге белгіленіпті.
Айта кетейік, 28 маусымда Ыстамбұл Ататүрік халықаралық әуежайында үш жарылыс болды, зардап шеккендердің көп екендігі хабарланып отыр. CNN Turk телеарнасының хабарына қарағанда, әуежайда атыстар естіліп жатыр. Агенттік куәгерлерге сілтеме жасай отырып, атыстың әуежайдың автотұрағынан басталғанын жазып отыр.
Ал соңғы мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда жасалған шабуылдан 36 адам қаза тапқан. Осыған дейін Haberturk телеарнасы Түркияның әділет министрі Бекир Боздагқа сілтеме жасай отырып, әуежайдағы шабуылдан 31 адамның қаза тапқанын, 147 адамның жарақаттанғанын хабарлаған еді.